ҚР БҒМ: 173 мұғалім 2021 жылдың «Үздік педагогі» атағына үміткер
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 173 мұғалім 2021 жылдың «Үздік педагогі» атағына үміткер. Бүгінгі таңда республикалық комиссия үздіктерді таңдау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Кәсіби мереке қарсаңында еліміздің елуден астам мұғалімі «Үздік педагог» атағына ие болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.