ШҚО-ның Катонқарағай ауданында туризм қарқынды дамуда
КАТОНҚАРАҒАЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданына келетін туристер саны жылдан-жылға арта түсуде. Әрине, туристер үшін ең қызықты әрі тартымды орындардың бірі, ол Мұзтау тауы болып табылады. Алтайдың ең биік шыңы, таңғажайып жаратылысымен туристер мен альпинистерді қашанда өзіне тарта түседі. Сондай-ақ, ел ішінде «Рахман қайнарлары» туралы да аңыздар кездеседі. Ауданның тағы бір көрнекті жері – Берел қорғандары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.