Қанат Ислам жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
![Қанат Ислам жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2019/news_302105/thumb_b/photo_60543.jpg)
Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Канат Ислам (26-0, 21 КО) және намибиялық Уолтер Каутондоква (18-1, 17 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Осылайша, Қанат қарсыласынан жеңіл салмақ көрсетті - 71,900 келі, ал Каутондоква 71,950 келі көрсетті.
Еске салайық, ертең, 26 қазанда Балуан шолақ атындағы Спорт сарайында боксшылар WBO International белбеуі үшін жекпе-жекке шығады.