Елімізде мал ұрлығы үшін арнайы бап пайда болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қылмыстық заңнамада мал ұрлығы үшін жауапкершілік жүктейтін жеке бап пайда болады. Заңнамадағы тың өзгеріс жайлы халыққа есеп беру кездесуінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.