Экзит-полл: Зеленский - 73%, Порошенко 25% дауыс алды
Бұған қоса, экзит-полл қорытындысы Владимир Зеленскийдің Украинаның барлық аймағында басымдыққа ие болғанын көрсеткен. Бұл - Киев уақытымен кешкі сағат 18.00-дегі (Нұр-Сұлтан бойынша кешкі сағат 21.00) жағдай.
Сәуірдің 21-і Украинада президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Азат Еуропа/Азаттық радиосының "Настоящее время" жобасы Украинадағы президент сайлауының барысын күні бойы сарапшылармен талқылап, сайлау учаскелерінен тікелей эфирде хабар таратты.