Арал теңізінің құрғап кеткен аумағында орман пайда болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Арал теңізінің тартылып қалған аумағында 300 мың гектарлық орман өсіп шықты. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «Арал өңірінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелерін заңнамалық реттеу» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.