АҚШ-тың әуе компаниялары Қазақстанға биыл ұша алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттарының әуе компаниялары ағымдағы жылдан бастап Қазақстанға ұшуларды орындай алады. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.