Қазақстан экспортшыларына ҚХР, БАӘ және Иран нарықтарына шығу жеңілдейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан экспортшыларына Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері мен Иран нарықтарына шығу жеңілдейді. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.