Шығыс Қазақстан облысында жолда қалған адамдарды құтқарып жатыр
Комитет ақпаратына қарағанда, Алматы - Өскемен жолында күртік қарда 230-дан астам көлік тұрып қалған. Жергілікті билік органдары оларға ыстық тамақ пен жанармай жеткізіп жатыр. Жолда қалған адамдар әзірге дәрігерлік көмекке жүгінбеген.
Қаңтардың 20-сы күні қатты бораннан Үржар ауданында Алматы-Өскемен бағытындағы жолдың 681-шақырымында көліктер қарға тығылып, кептеліп жүре алмай қалған. Сол күні түскі сағат 12-ден бастап бұл бағыт бойынша жол жабылған. Ал кеше сағат18.30-дан бастап Таскескен - Бақты жолының Таскескен ауылынан Қытаймен шекараға дейінгі аралығында жол жабылған.