Мақтааралдық шаруалар қырыққабат егуді бастап кетті
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шаруалары қаңтардың қақ ортасында диқаншылықты бастап кетті. Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқанына қазірдің өзінде 10-нан астам бригада қатысып, қызу жұмыс жүруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.