Жайық өзенінде 90 тоннаға жуық балық аммиактан уланып қырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жайық өзенінде 90 тоннаға жуық балық аммиактан уланып қырылды. Мұндай деректі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.