Өзбекстан прокуратурасы: Экстремистердің "қара тізімі" жойылды
Бас прокурордың орынбасары Эркин Юлдашевтың 20 желтоқсанда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеуінше, бұдан былай Өзбекстанда экстремизммен күрес тәсілі түбегейлі өзгереді.
"Жақында қабылданған экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес, енді негізінен экстремизмнің алдын алу жұмыстарына көңіл бөлінеді" деді Эркин Юлдашев.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 8 желтоқсанда конституцияның қабылданғанына 26 жыл толуына орай экстремистік топтармен байланысы бар деп күдікке ілінген 20 мыңға жуық адамның арнайы тізімнен шығарылғанын мәлімдеген.