Диас Бахраддин - жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы
Қазір Қазақстан делегациясы жасөспірімдер олимпиадасының екі алтын, бір күміс, бір қоламен жалпы есепте 14-орында тұр.
Бұған дейін дзюдодан Бекарыс Садуақас жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы атанған. Тағы бір дзюдошы Маргарита Гриценко күміс иеленген.
Биылғы жазғы олимпиадаға Қазақстан 41 жолдама иеленді. Олар жүзу, бокс, күрес, дзюдо, баскетбол, суға секіру, триатлон, гимнастика, теннис, жеңіл атлетика, каратэ, таэквондо сында спорт түрлерінен медальға таласады.
Буэнес-Айрестегі жасөспірімдер олимпиадасына 206 елден 4012 спортшы қатысып жатыр.
18 жасқа дейінгі спортшылар қатысатын Жасөспірімдер олимпиадасы 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Алғашқы олимпиада Сингапурде өтіп, Қазақстан 2 алтын, 2 күміс, 2 қоламен жалпы есепте 24-орын алған. 2014 жылы Қытайдың Нанкин қаласындағы Жасөспірімдер олимпиадасында Қазақстан 3 алтын, 1 күміс, 4 қоламен 21-орынды иеленген.
Аргентинадағы олимпиада 18 қазанда аяқталады.