Ақтөбеде республикалық аналар слеті өтті
Аналар слеті бүгін Ақтөбеде ашылған "Анаға тағзым" рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығында өтті. Орталық демеушілердің 350 миллион теңгесіне салынған.
Ақтөбе облыстық әкімдігінің мәліметінше, бұл жерде болашақ аналарды отбасы құндылығы мен ұлттық дәстүрлерді сақтауға баулиды. Қазірдің өзінде мұнда психология кабинеттері, отбасылық тренингтер өткізетін, музыкалық білім беру, дизайнға баулуға арналған түрлі кабинеттер бар. Орталыққа қазақ тарихындағы белгілі тұлғаларды өмірге әкелген аналардың суреттері де ілінген.
Бүгін кешенде көп балалы аналарға "Алтын алқа" табысталды.
- Бұл - күллі аналардың құрметіне тұрғызылған кешен. Біз бұдан былай "Алтын алқа", "Күміс алқаларды" осында табыс етеміз, - деді "Анаға тағзым" орталығының ашылуында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.