Қырғызстанда жыл басынан бері 70-тен аса адам суға батқан
Министрлік мәліметінше, қайғылы оқиғалардың көбі Шу облысында тіркелген. Сонымен бірге Бішкек, Жалал-Абад, Ош және Ыстықкөл облыстарында біршама адамның ажалы судан келген.
Бұған дейін қырғыз үкіметі ашық су қоймаларының маңында ойнау балалар өміріне қауіпті екені, ол үшін ата-анаға жауапкершілік жүктелетіні туралы ескерткен. Бұл өзекті мәселені шешу үшін тұрғындармен алдын ала түсінік жұмыстарын жүргізу және оған жергілікті билікті тарту қажеттігі айтылған.