Грузия парламенті "өтпелі үкіметті" бекітті
Премьердің өзі үкіметті "өтпелі үкімет" деп атады. Бахтадзенің айтуынша, ол үкімет үш аптадан соң ауысады. Бұл уақытта заңға өзгерістер енгізіліп, министрліктер саны 14-тен 11-ге қысқартылады.
"Министрлері азаятын үкімет" Бахтадзенің "Еркіндік, жедел даму және аман-саулық" деп аталатын бағдарламасын іске асырмақ. Бағдарламаның негізгі қағидасы - еуроатлантикалық құрылымға кірігу, салық кодексін реформалау, зейнетақының жинақтаушы жүйесіне өту, білім саласының бюджетін ұлғайту және инвестиция тартуға еркін экономикалық аймақ құру болмақ.