Сенат Қытаймен Қорғас өзенінде бөгет салу келісімін мақұлдады
Заң жобасын таныстырған Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің айтуынша, бөгет Қазақстан мен Қытайдың ортақ меншігі болады. Бөгетті салуға кететін қаржыны екі ел теңдей шығарады. Бөгет салу жобасын Қазақстан жағынан Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті, Қытай жағынан Шыңжаң өндірістік құрылыс корпусы іске асырады.
Вице-министрдің сөзінше, бөгет құрылысы жұмысын үйлестіру үшін Қазақстан мен Қытай бірлескен комитет құрады.
Екі ел арасындағы келісімге 2017 жылы 8 маусымда Астанада қол қойылған.