Қазақстанның футболшы қыздары Босния және Герцеговинаны ұтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2019 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде кезекті кездесуін сырт алаңда Босния және Герцеговина құрамасымен өткізді. Ойын 2:0 есебімен футболшы қыздарымыздың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.