13 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды; жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстікте шаңды дауыл соғып, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.