Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ комитетінің отырысы өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.