ОҚО-да ВИЧ жұқтырған 135 баланың статусы ашылды
Бақытжан Шакеновтың сөзінше, орталық ВИЧ жұқтырған балалардың статусын үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен ашады.
- Баланың статусын 11-12 жаста ашқан дұрыс. Бұл үшін ата-анасы рұқсат беруі керек. 2017 жылы 135 баланың статусы ашылды. Биыл 45 баланың статусын ашуды ойластырып отырмыз. Cтатусы ашылған балалардың өзімен жұмыс істеп жатырмыз. Ата-анасымен тығыз байланыста болып, өмірге бейімделуге көмек беріп келеміз, - дейді Бақытжан Шакенов.
Бас дәрігердің мәліметінше, бүгін де Ана мен бала орталығында ВИЧ жұқтырған 242 бала тіркеуде тұр. Олардың тоғызы 2017 жылы тіркеуге алынған.