Порошенко Донбасс туралы заңға қол қойды
Заң мәтінінде Украинаның шығысындағы Ресей қарулы күштері мен басқа да қарулы құрылымдар іс-қимылының заңсыз екені, ал мұндай іс-қимылмен байланысты жасалған кез-келген актінің заңға қайшы екені және құқықтық салдары болмайтыны айтылады.
Украиналық БАҚ-тың хабарлауынша, құжатта Ресей басқыншы мемлекет деп танылған. Сондықтан заңда Украинаның басып алынған аумағындағы адам құқықтары мен еркіндігінің бұзылғанына басқыншы мемлекет – яғни Ресей жауапты екені көрсетілген.