Пхенчхан-2018: Спортшылар туыстарымен сөйлесуі үшін 30 млн теңге бөлінді
![Пхенчхан-2018: Спортшылар туыстарымен сөйлесуі үшін 30 млн теңге бөлінді](http://www.inform.kz/fotoarticles/20180130123730.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына баратын спортшылар туыстарымен ұялы байланысқа шығуы үшін 30 млн теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Данияр Әбілғазин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.