Қытайда асық ойыны үйретілуде
БЕЙЖІҢ-АҚСАЙ. ҚазАқпарат - 12 қаңтарда ҚХР-дың Ганьсу өлкесі Ақсай-қазақ автономиялық ауданында қазақтың асық ату ұлттық ойынын үйрету курсы ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне аталған аймақтың «Армантау» мәдени бірлестігінің жетекшісі Марқаба Мәлікұлы хабарлады.