Алматының тау бөктеріне көпқабатты үй салу тоқтатылды - Бекқали Торғаев
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Елбасы тапсырмасынан кейін әл-Фараби көшесінен жоғары тау бөктерінде бірде бір көп қабатты тұрғын үй салынған жоқ. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Бостандық ауданының әкімі Бекқали Торғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.