Астананың ботаникалық бағы 2018 жылдың жазында ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жаңа ботаникалық бақтың құрылысы 2018 жылдың жазында аяқталады. Бүгінге дейін бақта 33 мыңнан астам ағаш отырғызылып, жасанды су қоймасы салынды. Велосипедшілер мен жүгіруге арналған жолдар жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорданың медиа орталығына сілтеме жасап.