Мақал — сөздің майонезі
Байдың шарапаты тиер тар жерде,МАИ-дың кесапаты тиер әр жерде.
***Қазы да қазы жегісі келеді. ***
Батырын тарындырған жамағат жоқ,Қатынын бағындырған азамат жоқ.
***
Мат болған кәрөлден,Шах қойған пешкі артық.
***Қатын түнде жаман емес,Күндіз жаман.
***
Ашу — тапанша,Ақыл — доллар.
***
Демеуші болмаған фирмадан,Қаңырап тұрған ферма артық.
***Ұл өсірме, қыз өсір,Қалыңмалы оның көл-көсір.
***
Атасы бардың жорғасы бар,Әжесі бардың дорбасы бар.
Ағасы бардың «Вольвасы» бар,Тоқалы бардың сор басы бар.
***Әйелімнің кеткеніне емес,Құтылғаныма жылаймын
***
Біреудің байы біреуге,Тауар артқан КамАЗ-дай көрінеді.
Біреудің әйелі біреуге,Мерседестей...