ЕАЭО тиімді және тұрақты Еуропалық Одақтың болғанына мүдделі - Н.Назарбаев
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат - «Еуропада да, Америкада да, Азияда да интеграцияға мүлде қарсылықты күшейте түсуде. Біздің Еуразиялық экономикалық одақ ең жас мемлекетаралық бірлестік ретінде осы қатерді ескеру керек», деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев XX Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық мәжілісіне қатыса отырып.