Елбасы: Бір-біріне қарсы санкциялар салу - жаһандық экономиканың дамуын айтарлықтай қиындатады
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат - Бір-біріне қарсы санкциялар салу - жаһандық экономиканың дамуын айтарлықтай қиындатады, олардың заңына бағынбайтындай көрінетін дамушы нарықтарға теріс әсерін тигізеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев XX Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық мәжілісінде айтты.