Тоқаев бұрынғы қорғаныс министрін сынға алды
![Тоқаев бұрынғы қорғаныс министрін сынға алды](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2022/news_332628/thumb_b/photo_92969.jpeg)
Қазақстан Республикасының Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Бектановты Қорғаныс министрі лауазымынан босатып, бұл қызметке Руслан Жақсылықовты тағайындау туралы Жарлықтарға қол қойғанын хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштерге деген талаптың күшейе түскеніне тоқталды.
"Әскер Тәуелсіздігіміздің тірегі болып, мемлекет мүдделерін қорғауы тиіс. Қаңтар оқиғасы кезінде Қарулы Күштер өзіне сенімсіз әрі қабілетсіз басшылығының кесірінен жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқара алмады. Министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмады. Командалық-штабтық және әскери жаттығулар кезінде оң нәтиже көрсеткен армиямыз бола тұра, сын сағатта оның әлеуетін пайдалана алмадық. Сырттан көмек шақыруға мәжбүр болдық", - деді жоғары бас қолбасшы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!