ПТР-анықтамасыз ұшып келген үш жолаушыдан коронавирус анықталды
![ПТР-анықтамасыз ұшып келген үш жолаушыдан коронавирус анықталды](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2021/news_317921/thumb_b/photo_77175.jpeg)
2021 жылдың 19 қаңтарында елімізге шетелден ұшып келген үш азаматтан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
"2021 жылдың 19 қаңтарында анықтамасыз келген Қазақстан Республикасының 202 азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша үш жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың ішінде бір жолаушы Шарм-эль-Шейх – Қостанай рейсімен, тағы бір жолаушы Дубай – Алматы, үшінші жолаушы Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!