Алматыда бірнеше автобустың бағыты уақытша өзгерді
![Алматыда бірнеше автобустың бағыты уақытша өзгерді](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2021/news_317425/thumb_b/photo_76655.jpeg)
Алматыда бірнеше автобустың бағыты уақытша өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы бағдаршам нысанындағы кабельдік кәріздің авариялық қалпына келтіру жұмыстарына байланысты. Райымбек даңғылының шығыс бағытындағы қоғамдық көлік қозғалысы 9-11 қаңтар аралығында уақытша тоқтатылады.
№ 4, 7, 11, 23, 50, 54, 59, 69, 78, 117, 141 автобустары Райымбек даңғылындағы туннель арқылы уақытша айналып жүреді, ал жолаушыларды отырғызу және түсіру аялдамасы Жангелдин көшесінің қиылысында болады.
Қала маңына қатынайтын №203, 207, 204, 221, 208, 220, 222, 224, 228 маршруттың жұмысы Жангелдин - Мақатаев көшесі - Жасыл базар және кері бағытта жүзеге асырылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!