Елордада «Сергек» мәліметтерін бұрмалап көрсеткендерге қатысты қылмыстық істер қозғалды
![Елордада «Сергек» мәліметтерін бұрмалап көрсеткендерге қатысты қылмыстық істер қозғалды](https://www.inform.kz/radmin/news/2020/10/28/201028135930a3711842d.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Сергек» камералары тіркеген мәліметтерді бұрмалап көрсеткендерге қатысты қылмыстық істер қозғалды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Шыңғыс Қабдула мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.