Қызылордада бюджет қаржысына қоғамдық бақылау қойылды
![Қызылордада бюджет қаржысына қоғамдық бақылау қойылды](http://www.inform.kz/fotoarticles/20180312082241.jpg)
КЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада енгізілген «Қоғамдық бақылау картасы» ауылдық елді мекендерде құрылған бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын бақылайды. Бұл жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.