Олимпиада чемпиондары әскери міндеттерін өтеуге аттанды
ҚазАқпараттың хабарлауынша, Рио Олимпиадасының чемпиондары Дмитрий Баландин мен Ниджат Рахимов әскер қатарына алынды.
26 желтоқсан күні Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қалалық жиналу пунктінде әскери міндетін өтеуге аттанатын сарбаздарды шығарып салу салтанатты шарасы өткізілді. Аталмыш департаменттің баспасөз қызметінің айтуынша, әскерге шақырылғандар арасында Олимпиада чемпиондары Дмитрий Баландин мен Ниджат Рахимов бар.Айта кетейік, жыл сайын Алматыдан 2000 адам әскер қатарына алынады. Бұл жолы 50 болашақ сарбаз Астанадағы №5573 әскери бөлімге аттанды. Салтанатты жиында Дмитрий Баландин әскер қатарына шақырылып отырған замандастарына сәттілік тілеп, шыңдалып оралу қажеттігін айтты.