ШҚО-да 13 мыңға жуық адам жұмыстан шыққан
Аталған қызметкерлер ішінде өз өтінішімен босағандар 85,3%-ды, өзге де себептермен жұмыстан кеткендер 12,1%-ды, қызметкерлер санының қысқаруына байланысты босағандар – 0,6%-ды құрады.
- Қабылдау бойынша айналым коэффициенті – 5,8%-ды, жұмыстан босау бойынша айналым – 6,0%-ды, кадрлардың тұрақтамауы 5,2%-ды құрады. 2020 жылғы II тоқсанда жұмыс күшін алмастыру коэффициенті 97,8%-ға тең, - дейді Статистика департаменті.