Аягөзде арықтар қоқысқа толған
- Бұндай көшелердің бірі - А.Байтұрсынов атындағы көше. Асфальт төселеді деп жоспарланып отырған көшенің жобалық-сметалық құжатында суағар орнату қарастырылмаған. Аталған көше тұрғындарымен ақылдаса отырып, алдағы уақытта суағар орнатуды қарастыратын боламын, - дейді аудан әкімі.
Аудан басшысының айтуынша, күз мезгіліндегі жауын-шашынның көптігін ескере отырып, қаладағы суағар арналарын тазалау жұмыстары әкімнің тікелей бақылауымен жүзеге асырылатын болады.
Жалпы алдағы уақытта ауданда атқарылатын жұмыстар қауымдастықпен, тұрғындармен ақылдаса атқарылатын болады.