Қарапайым қызметкерге тұрмысқа шыққан жапон ханшайымы атағынан айырылды (фото)
Жапонияда 28 жастағы ханшайым Аяко Такамадо 32 жастағы кеңсе қызметкері Кэй Моритоға тұрмысқа шығып, атағынан айырылды. Бұл туралы РИА Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Фото: Pool/KYODO
Дәстүрге сәйкес егер император отбасынан әйел адам қарпайым адамға тұрмысқа шыққса ол өзінің дәрежесін білдіретін атағынан айырылады.
Аяко Такамадо мен Кэйдің үйлену рәсімі бүгін Токиодағы Мэйдзи ғибадатханасында өткен. Ал екі жастың қуанышын бөлісуге олардың жақындарын қосқанда шамамен 30 адам келген.
Күйеу жігіт жұбайына қарапайым адамдардың өміріне үйренісуде көмегін аямайтынын айтса, қалыңдық ештеңеге қарамастан бақытты екен жеткізді.
Айта кетейік, Аяко Жапония императорның немере ағасы Такамадо отбасынан шыққан.
Ал оның таңдаған жары YK Line деп аталатын Жапониядағы ең ірі компанияның қызметкері. Жас жұбайлар өткен жылдың желтоқсан айында танысқан.
Source: Kaz.nur.kz