Cуретке түспек болған арулар Қайрат Нұртасқа ән айтуға мұрша бермеген
Отандық танымал әнші Қайрат Нұртас той үстінде жұлқына билеп, көпшіліктің жылы лебізіне ие болды. Эстарада жұлдызының көңілді сәтінен түсірілген видеосы әлеуметтік желілерге таралып үлгерген деп жазады NUR.KZ.
Халықтың сүйіктісіне айналған әнші өзінің билеп жатқан сәтін Instagram парақшасына жүктеп қойған. Қайрат Нұртастың оқырмандары бірден шоу-бизнес жұлдзының бейнежазбасына жарыса пікір қалдырып жатты.
Олардың басым көпшілігі отандық әртіске жылы лебізі мен игі тілектерін жаудырған.
"Осы Қайраттың билегені әдемі", "Қазақтың ерке ұлы болып жүре бер. Саған барлығы жарасады", "Жарайсың хитмэн осылай көңілді болып жүр", "Әдемі өзінің әрбір қимылы. Жаңа тректер күтеміз сізден", "Өзіне жарасып тр. Басқа біреу осылай билесінші түк келіспейді" , - деді желідегілер.
Қайраттың жұлқына билеген видеосы дүбірлі той кезінде жасалса керек. Әлеуметтік желіге әншінің сол мерекелік шарадан түсірілген басқа да бейнежазбалары тарап кеткен. Онда ән салып жатқан жұлдызға суретке түспек болған жанкүйерлері өлеңді жалғастыруға мұрша бермегені көрініс тапты.
Eстеріңізге сала кетейік, Қайрат Нұртастың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.
Source: Kaz.nur.kz