Әлемдегі ең ауқатты наркобаронның әйелі қалай өмір сүруде?
Ең бай болып саналатын мексикалық наркобаронның әйелі Эмма Коронель Аиспуро жүктеген әрбір сурет халық тарапынан үлкен сынға ұшырайды. Жұртшылық қылмыс арқылы табылған қаражатқа арудың балқып-шалқып жүргеніне наразылығын ашық білдіруде деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Фото: New York Post
Әлемде ең ауқатты наркобарон Хоакин "Эль-Чапо" Гусманның жұбайының өмірі нағыз ертегі іспетті. Бұрындары сан түрлі сұлулық конкурстарына қатысқан ару нағыз танымалдылыққа тұрмыс құруының арқасында ие болған. Ол аты дүниежүзіне белгілі "Эль-Чапоның" заңды әйелі атанды.
Фото: New York Post
"Қортық" атты картелдің басшысы әлемнің ұстатпайтын қылмыскерлер тізімінде болған. Алайда, 2017 жылы Гусман ақыр-соңы қолға түсіп, түрмеге қамалды.
Қазіргі таңда ол өзіне қатысты сот үкімінің шығуын күтуде. Бірақ "Эль-Чапоның" жарын жолдасының жағдайы қатты алаңдатпайтын көрінеді. Ару өзінің балқып-шалқып жүрген сәттерін әлеуметтік желіге барынша жиі жүктеп жүр.
Эмма Коронельдің жазбалары қарапайым халықтың ашуына тиіп, қызу талқысына түсіп жатады. Көпшілік келіншектің мұндай өмір сүруіне кетіп жатқан ақшаның қара жолмен табылғаны күйіндіреді.
Фото: New York Post
Фото: New York Post
Соңғы айларда Эмма өзінің дизайнерлік киімдері мен қыздарының туған күніне ұйымдастырған думанды тойымен мақтанды.
Фото: New York Post
Фото: New York Post
Фото: New York Post
Көпшілік бар байлығын қылмыс арқылы жинаған адамның жары өзін барынша қарапайым әрі салмақты ұстау керек деп есептейді.
Фото: New York Post
Эмма мен Хоакин Гусман 2007 жылы некелескен. Олардың егіз қыздары бар. Наркобаронның әйелі мен балаларының АҚШ азаматтығы болғанымен, олар Мексикадағы Синалоа штатында тұрып жатыр.
Айта кетейік, "Эль-Чапо" 17 ірі қылмыс үшін айыпталып жатыр. Оған қоса, қылмыскер бұған дейін екі мәріте абақтыдан қашып шыққан болатын.
Source: Kaz.nur.kz