Ауру қызын емдетуге қаржы таппаған әке жалған ақша басып шығарған
Қытайдың Аньхой провинциясының тұрғыны қызын емдету үшін жалған ақша басып шығарған деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Фото: Arnapress.kz
Жұмыссыз азаматтың бұл әрекеті қымбат саудалар жасай бастағанда байқалған. Оның үйіне келген полицейлер үш жұмыс істеп тұрған принтер мен 2,5 миллион жасанды юаньдарды көріпті.
26 жастағы ер адам бұл ақшаны ауру қызын емдету үшін шығарып жатқанын айтыпты. Ол бұл технологияны ғаламтордан үйреніп, керекті құралдарды сатып алған екен.
Азаматтың 46 жастағы әкесі ақша басуды қолына алса, ұлы оның сапасын тексеріп отырыпты.
Олар дайын болған ақшаны жаратпаған. Тек өз бағасынан төмен беріп отырған екен. Үйді тексеру барысында полицейлер осы жолмен табылған 240 мың юань тауыпты.
Қазір екі жалған ақша шығарушы да тұтқындалды, ал үйден табылған ақшалар тәркіленді.
Source: Kaz.nur.kz