Танымал нумеролог елімізде адамды дуалау қанша тұратынын ашық айтты (видео)
Елімізге танымал нумеролог Айнұр Асанберді көз тию мен дуалаудан қалай қорғану керектігін айтты. Ол елімізде біреуді дуалаудың құны аса қымбат тұратынын жасырмады деп жазады NUR.KZ.
Мұхит Сапарбаевтың Oybay Life жобасына сұхбат берген Айнұр Асанберді сандар ғылымы туралы кеңінен баяндап берді. Оның айтуынша, қазіргі таңда нумерологтың кеңесіне жүгінетіндердің саны көбеюде.
Сонымен бірге, Айнұр Асанберді көз тию мен дуалаудан қалай сақтануға болатынын айтып берді.
"Біреу маған келіп, мені оқытып тастапты десе, мен күлемін. Ешкім де сізді оқытпайды. Дуалаудың қанша тұратынын білесіз бе? Ол жайдан жай "қара магия" деп аталып кеткен жоқ қой. Оны жасаған адам да, жасатқан адам да оңбайды", - деді ол.
Нумерологтың ақшаны шақыру туралы және өзге де құнды кеңестерін Oybay Life жобасынан көре аласыздар.
Source: Kaz.nur.kz