Ашуымды білесіздер: Төреғали сахна төрінде шымкенттіктерге ескерту жасады (видео)
Шымкентте өткен қайырымдылық концертте өнер көрсеткен Төреғали Төреәлі шымкенттік тыңдармандарға ескерту жасады. Суретке түсуге қолқалап, әншіні қаумалап алған халықты ол мәдениеттілік сақтауға шақырды деп жазады otyrar.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
Фото: otyrar.kz
Оңтүстік жұрты Төреғали Төреәліні үлкен қошеметпен қарсы алды. Алайда сахнада тұрған әншімен суретке түскісі келген жұртты ол сабырға шақырып, мәдениеттілікті ұмытпауды ескертті.
«Бір-бірімізді сыйлайық. Әр жердің мәдениетін сақтауға тырысайық. Болмаса, менің ашуымды білесіздер», – деді ол.
Еске салсақ, аталған қайырымдылық кешінде Дастан Оразбеков, Нұрлан Абдуллин сынды жұлдыздар келіп, өнер көрсеткен.
Source: Kaz.nur.kz