Ксения Собчак: Қазақстан жалтақтап жүретін Ресейдің кіші "інішегі" емес
Бүгін Астанада өтіп жатқан экономикалық форумда белгілі ресейлік тележүргізуші Ксения Собчак қатысуда деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Ксения Собчак. Фото: nur.kz
Атышулы тележүргізуші Ресейдің əлемдік аренадағы алар орнына тоқталып өтті.
"Ресейдің əлемдік экономикадағы үлесі тек 2% ғана екен. Түсінесіздер ме? 2 пайыз? Осыдан-ақ кімнің қандай дəрежеде екенін көруге болады", - деді ол.
Сонымен бірге, ол Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынас жайлы да атап өтті.
Ксения Собчак. Фото: nur.kz
"Өздеріңіз білесіздер Қырым Ресейдің құрамына енді. Қазір адамзат дамыған, өркениетті қоғамда емеспіз бе? Бұл жерде тек ел территориясын үлкейтемін деп осындай саяси маңызды қадамға барудың өзі артық. Ел" аумағы түк шешпейді, онымен мемлекет пен оның тұрғындарының əл-ауқаты артпайды", -деді тележүргізуші.
"Сиыр болмаса сүт болмайды ғой. Сол сияқты мықты ел болу үшін де берік негіз керек",-деді Собчак.
Ксения Собчак. Фото: nur.kz
Атышулы тележүргізуші Ресей мен Қазақстанның ара қатынастары туралы да айтып берді.
Бұл ретте ол Қазақстан Ресейдің "інішегі" немесе оған əлі күнге жалтақтайды деген пікірдің жаңсақ екенін айтты.
"Жоқ Қазақстан жеке, дербес өз алдына тəуелсіз мемлекет. Қазақстанға деген құрметім шексіз. Мен оның əлі күнге дейін Ресейдің кіші "інішегі" деген пікірмен үзілді-кесілді келіспеймін, ол қате түсінік", - деді.
Айта кетейік, кеше Астанада «Астана экономикалық форумы» өз жұмысын бастаған болатын. Күллі әлем көз тіккен шараны елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі келіп ашты.
Сондай-ақ, форумда Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрайымы Әлия Назарбаева да бой көрсетті.
Ал Apple компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Возняк форумға ерекше киініп келіп, елдің назарын аударды.
Көпетеген министрлер мен шенділер қатысқан жиында өз баяндамасын қазақ тілінде оқыған Қанат Бозымбаев көпшілікті сүйсіндірген еді.
Ең қызығы, форум алаңынан тікелей эфирге шыққан журналист қызды бейтаныс жігіт сүйіп алып, елді елең еткізді.
Ал бүгін Астанада экономикалық форумның екінші күні өтуде. Оған Ермек Тұрсынов, Ксения Собчак сынды қоғам белсенділері қатысуда.
Source: Kaz.nur.kz