Үкімет Алашорданың 100 жылдығын кең көлемде атап өтуге әзірленуде
![Үкімет Алашорданың 100 жылдығын кең көлемде атап өтуге әзірленуде](http://www.inform.kz/fotoarticles/20170201124812.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен Алашорда қозғалысының құрылғанына 100 жыл толуына орай Алаш зиялыларының шығармашылық мұраларын зерделеу және оны жандандыру мәселелері бойынша кеңес өтті.