Ақтөбе облысы Сыр еліне 300 тонна өнім жеткізді
![Ақтөбе облысы Сыр еліне 300 тонна өнім жеткізді](http://www.inform.kz/fotoarticles/20161015171201.jpg)
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында үстіміздегі жылдың 13-15 қазан күндері Қызылордада Ақтөбе облысының күндері болып өтті. Ақтөбе облысы күндері барысында Қызылорда қаласының «Тағзым» алаңында Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өткізілді, деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық ауылшаруашылығы басқармасына сілтеме жасап.