Қызылорда облысында қазақ күресінен жастар арасында ел чемпионаты басталады
![Қызылорда облысында қазақ күресінен жастар арасында ел чемпионаты басталады](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160621170320.jpg)
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 14 қазанда Жаңақорған ауданы Машбек ауылында «Құрмет» орденінің иегері, еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты, шағын-футболдан және волейболдан облыстық ашық турнир басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.