Астанада жылыту маусымы 1 қазаннан басталады
![Астанада жылыту маусымы 1 қазаннан басталады](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160930155123.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қазанда елорданың әлеуметтік нысандарына жылу беріледі (бірінші кезең). Барлық тұтынушыларға жылу жүретін құралдардың дайындығын қамтамасыз ету, жылыту жүйелерін шаю және жылыту маусымының алдында міндетті түрде тазалау бойынша техникалық талаптар берілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.