Астанада ЖКО-дан зардап шеккен оқушы ауруханадан шығарылады
![Астанада ЖКО-дан зардап шеккен оқушы ауруханадан шығарылады](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160913144254.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Lexus» маркалы көлік жасаған жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен 14 жасар бала алдағы жұма күні ауруханадан шығады. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасынан хабарланды.