Жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жерлерді мемлекеттік мұқтаждықтарға жатқызу ұсынылды
![Жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жерлерді мемлекеттік мұқтаждықтарға жатқызу ұсынылды](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160808145539.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер заңнамасына өзгеріс енгізу бір күндік жұмыс емес. Атқарылатын жұмыстар едәуір көп. Мұндағы проблемаларды шешуге жылдар кетеді. Сондай өткір мәселенің бірі - жеке тұрғын үйге арналған жер учаскілері мәселесі. Бүгін Астанада Жер реформасы бойынша комиссия осы тақырыптың айналасында сөз қозғап, нақты бір ұсыныс жасалды.